Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход

Мини-чат

200

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Форма входа

Шаблоны для Юкоз спортивной тематики

VK

Главная » 2012 » Январь » 19 » Толқын Сейдоллақызы-«Шіркін,Life !»енді жалғаспайды.
19:46
Толқын Сейдоллақызы-«Шіркін,Life !»енді жалғаспайды.


«Шіркін,Life!» аяқталды...

Жылдан астам қазақ көрерменін шулатқан «Шіркін,Life !» 
реалити-шоуы аяқталды. «Аяқталды»- дегенім,басшылардың айтулары бойынша енді
жалғаспайды. Жобаның ғұмыры ұзарсыншы деп, директордың есігін қағып,өтініш
етпедік. Менің ойымша, төртінші маусымды Марсқа апарып жасасақ та жаңалық
ашпайтын секілді. Себебі, қазіргі көреремендерді ештеңемен таңғалдыра алмайсың.
Телевизияның заңдылығы бойынша жалықтыра бастаған жобаның қадір-қасиетін
кетірмей, дер кезінде тоқтата қойған да аброй. Өткір сынның астында қалған
«Шіркін,Life!» өз миссиясын миллиондаған аудиторияның алдында орындап шықты деп
ойлаймын. Себебі «Шіркін,Life» - қазақ телевизиясына жаңалық алып келген ең
алғашқы реалити-шоу. Оны мойындауымыз керек. Елді дүрліктіріп, талай
басылымдардың шимай-шатпағына арқау болған бұл жобаны әзірлеу де оңай болған
жоқ.


 



Бірде телеканалымыздың директоры Айгүл ханымға кіріп
шыққан әріптесім Асхат: «Тың идеямен бастыққа жоба ұсындым. Құптады. Продюсер
ретінде сізді айтып едім, қарсы болған жоқ», - деді. Шығармашылық адамы ретінде
жаңалыққа қашанда жанымыз құмар ғой қолдай кеттім. Қазір ойланып отырсам, сол
сәттен бастап 1 қаңтар күні эфирден көрсетілген қорытынды хабарымыз түсіріліп,
монтаждалып біткенше бір сәтте босаңсымаптық. Үмбетәлі ауылында, Гвардейск
әскери қалашығында, Бурабай курорттық аймағында түсірілген үш маусымның да өз
қиындығы, өз қызығы болды. Оның бәрін еске түсіріп, ұзын-сонар әңгімеге
ұластырсақ , блог оқырмандарының шыдамдары да жетпес. Күрек ұстап, жер қопарып
шаршағанның жөні бөлек қой. Миллиондаған аудиторияның көңілінен шықсын,
саналары мен жүректерінен орын алсын деп шығармашылық ізденіс жасап шаршағанның
орны мүлдем басқа екен. «Біткен іске сыншы көп» деген сөздің маңыздылығын осы
жобаның продюсері ретінде қатты ұғындым. Әу, дегенде құлақтары үйренісе
қоймаған көрермендер: «Қазақтың әп-әдемі «Шіркін»-деген сөзіне ағылшынның
«Life» сөзін қосақтастырмай бағдарламаларыңа «Шіркін,өмір!» деген ат
қойып,айдар тақсаңдар нелерің кетер еді?» деп үн қосты. Одан қалды, Маржанның
күшік ұстап шыққаны не сұмдық ? Маржан, шашын сыпыртқызып жатқан кезде бір
нәрсе тындырғандай неге қарап отырдың? Қатысушылардың айқай-шуы мен ұрыс-керісі
кімге керек болып еді? Монтаж кезінде жасырын камераларды неге алып тастамадың?
Жалпы, продюсер ретінде жобаның мазмұнына неге дұрыстап мән бермейсің? - деген
секілді көрермен тарапынан оқша жауған сын-ескертпелердің астында қалдым. Бірақ,
ешқайсысына ренжіген емеспін. Несіне ренжисің? Халық сыншы, халық төреші.
«Бетің бар, жүзің бар» деп қарап тұрмайды. Көкірегіне сыймаған дүниені іркілмей
айта салады. Көп сын естіген журналистің жаттанды сөзі ғой, « Сын түзелмей,мін
түзелмейді» деп өзімізді жуатқандай боламыз. Қайсыбіреулеріңіз: «Мынау несін
міндет етіп жыламсырап отыр?» дейтін де боларсыздар. Міндетсінбейміз, сүйікті
мамандығымыздың қызығы мен шыжығын көріп жүргенімізге өзімізді бақытты
санаймыз. Жаңалық ашып, рухани төңкеріс жасадық деуден аулақпыз. Бірақ,
көрермен асыға күтіп, қызықтап көретін реалити-шоу жасағанымыз рас. Жоба
аяқталып, талай құпиялардың қыр-сыры ашылар тұста менің де ет пен сүйектен
жаралған пенде екенімді айтқым келгені ғой. Ойым шашыраңқырап, жүйесізденіп
барады. Блогер қысқа да, нұсқа жазады деуші еді. Айтайын дегенім, үш маусымға
созылған «Шіркін, Life!» бітті. Әсіресе күнделікті телефон соғып, хат жазып
сауал тастаған көпшілікке берер жауабым осы. Халықтың сүйікті арнасына
айналған, бергенінен берері әлі де алда деген үмітпен «Ел арна» телеарнасында
тек өздеріңіз үшін қызмет атқаруаға дайынбыз. Басшылар құптаса, қызықты
бағдарламалар әзірлеуден әсте жалықпайтынымызды тағы да айтқым келеді.



Просмотров: 1419 | Добавил: tilegen | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]